Сейсмолог алматылықтарға кешкі 16:00-ге дейін үйге қайтпай, арнайы пунктіде қалуды ұсынды

Жер дүмпулерінің қайталануына байланысты сейсмологтар алматылықтарды кешкі сағат 16:00–ге дейін халықты жинау пуктерінде қалуға шақырды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ, олардың қуаты тым қатты болмайды. Сабыр сақтап, кешкі сағат 16:00-ге дейін жиналу пунктінде қалуыңызды сұраймыз», -деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев.
Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
Алматы әкімдігі бүкіл жиналу пунктілері ашық екенін мәлімдеді.
Полиция күшейтілген режимге ауысып, Алматы әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұр.
ТЖМ жедел желіні іске қосты.
Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертті.